Әнші Әділет Жауғашар әлеуметтік желіде үлкен дау тудырған «Сүй, иә» әнінің мәтінін өзгертті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұған дейін әнші әндегі «Сұлудың жоқ дегені - иә» деген жолды орындап жүрген еді. Енді бұл қатар «Сұлудың жоқ дегенін сыйла» деп өзгертілген.
Еске салайық, әннің бастапқы нұсқасы әлеуметтік желіде қызу сынға ұшыраған. Желі қолданушылары ән мәтіні «қыздың таңдауын құрметтемейді және зорлық-зомбылықты насихаттайды» деп пікір білдірген еді.
Қоғамдық резонанстан кейін Әділет Жауғашар кешірім сұрап, арнайы үндеу жариялаған. Ол даулы жолдардың авторы Өзілхан Нұршайықовтың шығармасынан алынғанын айтып, қазіргі қоғам талабына сай келмейтінін мойындаған.