Жылқышы Рахат Сәнсеновке қатысты жағымсыз хабар тарады

Бүгін, 16:00 / Альфия Адамбек
Коллаж: әлеуметтік желі

Жылқыларын ұрлады деп Рахат Сәрсеновке айып таққан кәсіпкер Тәжіғали Елеуов өзіне қатысты айтылған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кәсіпкер заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында дауға қатысты өз нұсқасын айтып, бұған дейін Руслан Өтепбайдың жасаған мәлімдемесін сынға алды.

«Мен білімсізбін, сауатым жоқ деп отыр. Бірақ ол жақсы біледі, орысша да сөйлейді. Руслан Өтепбай тек Рахат жақты тыңдап, біржақты мәлімдеме жасады. 2016 жылдары оларға орталықтан үй алып бердім. Сол кезде Рахаттың Валя деген аспазы болды. Артынан екеуінің көңілдес болғаны айтылды. Рахаттың балалары менен жылқының қайда кеткенін сұрайды. Мен қайдан білемін, әкелерінен сұрасын. Ал сол Валя аспаздың ақшасымен қаладан үй салды. Түсініксіз мәселе өте көп», – деді Тәжіғали Елеуов.

Оның айтуынша, жылқыға қатысты дауда көпшілік мәселенің бір ғана тараптың сөзіне сүйеніп талқыланып жатқанын атап өтті.

Тэгтер:

сот пікір Жылқышы