"Үлкен қауіп төнді": Нетаньяхудың ұлы АҚШ-тан шұғыл эвакуацияланды

Бүгін, 09:00 / Ахмет Қанатұлы
Биньямин Нетаньяху. Фото: GIL COHEN-MAGEN / POOL / AFP via Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ұлы Яир Нетаньяху АҚШ-тан шұғыл түрде Израильге жеткізілді. Бұл ақпаратты Израильдің "Шин Бет" арнайы қызметі растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Яир Нетаньяхудың Флоридадан қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланғаны туралы мәлімет тараған болатын.

Арнайы қызмет өкілдерінің айтуынша, оған нақты қауіп төнгеннен кейін шұғыл шешім қабылданған.

"Яир Нетаньяхуға зиян келтіреді деген үлкен қауіп шынымен болды. Жағдайды бағалағаннан кейін оны қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге Израильге шұғыл қайтару туралы шешім қабылданды", – деп мәлімдеді ведомство.

Осыған дейін Биньямин Нетаньяху Иран оның ұлдарының біріне қастандық жасауға әрекеттенгенін айтқан еді. Осы мәлімдемеден кейін ұлына арнайы күзет ұйымдастырылған.

Тэгтер:

Биньямин Нетаньяху