Apple компаниясы Непал мен Тибетте болған жойқын су тасқыны мен лай көшкінінен зардап шеккендерге қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл туралы корпорацияның бас директоры Тим Кук X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол табиғи апат салдарынан жапа шеккен отбасыларға көңіл айтып, Apple қалпына келтіру жұмыстарына қаржылай қолдау көрсететінін жеткізді.
"Непал мен Тибеттегі жойқын су тасқыны мен лай көшкінінен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтамыз. Apple апаттан жапа шеккендерге көмек көрсету және аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарына қолдау ретінде қаржы бөледі", – деді Тим Кук.
Әзірге компанияның нақты қанша қаражат бөлетіні жарияланған жоқ.
Apple бұған дейін де түрлі елдерде болған табиғи апаттардан кейін көмек көрсеткен. Компания Венесуэла, Оңтүстік Корея және Жапониядағы төтенше жағдайлар кезінде де зардап шеккендерге қолдау білдірген.