Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанның астанасы Бішкекке барды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына қатысады. Сондай-ақ Президент «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысып, бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылайды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Қазақстан Президентін Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.