А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А.Фазылжан интернетте былапыт сөз қолданатын адамдарды жауапкершілікке тарту тәжірибесін орынды деп санайды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның пікірінше, мұндай теріс әрекеттер салдарсыз қалмауы тиіс. Тиісті жауапкершілік шараларын қолдану басқа интернет қолданушыларына ескерту болмақ.
«Өте дұрыс болды деп ойлаймын. Қатты қуандым. Айтылған сөз атылған оқ дейді. Оның әсерін қайтара алмайсың. Бұл мақал не үшін шыққан? Яғни, сөзіңе жаупкершілікпен қара дегені. Ол кісілер әр сөзіне жауапкершілік барын түсінген шығар деп ойлаймын», - деді ол.