Солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді

Бүгін, 14:14 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңіріне ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бүгін солтүстік облыстарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және тұман күтіледі.

 Ал Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.

Астанада жаңбыр жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Түнде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Ал оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар еліміздің көптеген облысында өрт қаупі әлі сақталады.

Тэгтер:

ауа райы суық солтүстік