Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы сабақ пен каникул мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Оқушылар бұл кезеңде 7 күн демалады.
Екінші тоқсан да 8 оқу аптасына жоспарланған. Қысқы каникул 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін созылып, 14 күнді құрайды.
Ал бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы 7 күн демалады.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады.