Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен жаңбыр күтіледі

Бүгін, 08:59 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбыр тамшылары. Көрнекі сурет: pexels.com

2 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, солтүстік пен орталық аймақтарда үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +1…+3°C болып, үсік жүруі ықтимал. Күндіз +15…+17°C болады.

Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C күтіледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +27…+29°C болады.

Ақтауда күндіз +26…+28°C, Ақтөбеде +27…+29°C, Атырауда +28…+30°C-қа дейін жылынады. Бұл қалаларда жауын-шашын болжанбайды.

Жезқазғанда күндіз +20…+22°C болады. Көкшетауда түнде 0…+2°C шамасында болып, үсік жүреді, күндіз +16…+18°C күтіледі.

Қарағандыда түнде ауа температурасы -1…-3°C-қа дейін төмендейді. Үсік жүріп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз +14…+16°C болады.

Қонаевта жауын-шашынсыз, күндіз +21…+23°C, Қостанайда +23…+25°C күтіледі.

Қызылордада шаңды дауыл болып, желдің екпіні 15 м/с-қа жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +25…+27°C болады.

Оралда жауын-шашынсыз, күндіз +27…+29°C күтіледі.

Өскеменде жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +12…+14°C болады.

Павлодарда түнде үсік жүріп, тұман түсуі мүмкін. Күндізгі температура +14…+16°C шамасында.

Петропавлда түнде 0…+2°C болып, топырақ бетінде үсік күтіледі. Күндіз +16…+18°C болады.

Семейде жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +12…+14°C болжанады.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20…+22°C болады.

Таразда күндіз +23…+25°C, Түркістанда +26…+28°C күтіледі. Екі қалада да жауын-шашын болмайды, алайда жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы