“Кеше аэропорт жақтағы гаражыма бара жатсам, сол жердегі бір жер үйдің қақпасының алдында шаң-шаң болып Абай атамыздың кеуде мүсіні жатыр”,  – деп редакцияға телефон шалған дереккөзге сілтеме жасап, kaz.altaynews.kz сайты жазады. Материал авторының жазуынша, олар айтылған жерге барғанда “аэропорт жақтағы Семипалатинская  көшесінде орналасқан 86 үйдің қақпасының алдында Абай атамыз жатыр” деп жаза келіп, Абай мүсінінің расында да “күл-қоқыс, төгілген құм, шашылған қызыл кірпіштер” – қоқыс ішінде жатқанын көрген.

Материалда көрсетілгендей, Абай мүсінін 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысығ Шемонайха ауданының әкімдігі тапсырыс беріп жасатқан екен. Мұны мүсіншінің  Владимир Самойлов журналисттерге “Кейін қаржылары болмай қалды ма, әлде Абайдан айнып қалды ма, әйтеуір алмай қойды. Мұны мен емес марқұм әкем жасаған” деп айтып берген.

Журналисттер зерттеуінің нәтижесінде, былтыры бұл мүсін төңірегінде біраз дау болып, соңында Шемонайха ауданы әкімдігінің ешқандай тапсырыс бермегені анықталып аяқталған екен. Ал Абайдың кеуде мүсінін Владимир Самойлов 300 мың теңгеге сататындығын сөз арасында айтып қалыпты.