Қоқыстан жаңа туған сәби табылды: Анасының кім екені белгілі болды

Бүгін, 14:24 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыстан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция бұл дерек бойынша нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары баланың анасын анықтап, оқиғаның мән-жайын толық зерделеп жатыр. Осыған байланысты бірқатар тергеу әрекеті жүргізілуде.

Сәби медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің бақылауында болған баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Тэгтер:

бала жамбыл Облыс