Астаналық полицейлер марқұм әріптесінің қызын мектепке алып барды

Бүгін, 10:22 / Альфия Адамбек
Коллаж: видеодан кадр

Білім күні алты жасар Серік Айнамкөз алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қуанышты сәтте Айнамкөзді әкесінің қызметтес әріптестері қолдады. Оның әкесі, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігі инспекторы Ахмет Айдын 2022 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.

Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Атанов бүлдіршінді үйінен алып, мектептегі салтанатты жиынға өзі ертіп барған.

Полицейлер Айнамкөзге әкесінің орнын ешкім баса алмайтынын, алайда оның әріптестері әрдайым жанынан табылып, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тэгтер:

мектеп полицей қызмет