Заттыбек Көпбосынұлы Назарбаевтың жағажайда жүгірген видеосын әзілге айналдырды

3 қыркүйек, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Заттыбек Көпбосынұлы. Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желіде танымал болған трендке қосылып, әріптесі Досымжан Таңатаровтың ән айтып тұрған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі жазбасында әзілдеп, жүгіру кезінде жанды дауыста ән айту керегін меңзеген.

"Жүгірген соң, осылай жанды дауыста ән айтқызып жүгіру керек қой!" – деп жазды ол.

Бұл тренд Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жағажайда жүгіріп бара жатқан ескі видеосы желіде қайта тарағаннан кейін кеңінен танылды. Кейін қолданушылар сол көрініске ұқсас түрлі пародиялар түсіре бастаған.

Алайда Назарбаевтың түпнұсқа видеосы нақты қай жерде түсірілгені ресми түрде айтылмаған. Блогер Февралев кадрдағы табиғи нысандар мен ғимараттарды салыстырып, видео Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Копакабана жағажайында түсірілген болуы мүмкін деген болжамын білдірген.

Ол бұған экс-президенттің артқы жағында көрінетін төбелер мен жағалау бойындағы ғимараттарды дәлел ретінде келтірді.

Тэгтер:

Заттыбек Көпбосынұлы