4 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қатты жел күтіледі

Бүгін, 09:17 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбыр тамшылары. Көрнекі сурет: Shutterstock

"Қазгидромет" 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту күшінде болады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады.

Алматыда жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 17 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Күндіз +25…+27°C.

Шымкентте де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +33…+35°C ыстық болады.

Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндіз +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Ақтауда +28…+30°C, Ақтөбеде +29…+31°C, Оралда +30…+32°C болады.

Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау және Қостанайда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Өскемен, Павлодар және Семейде де жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Өскемен мен Семейде күндіз +33…+35°C, Павлодарда +30…+32°C болады.

Қонаевта жаңбыр мен найзағай кезінде жел екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Күндізгі температура +27…+29°C.

Петропавлда +25…+27°C, Талдықорғанда +27…+29°C күтіледі. Екі қалада да жаңбыр жаууы мүмкін.

Тараз бен Түркістанда найзағайлы жаңбыр болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +34…+36°C шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарға қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 4 қыркүйек