Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Бүгін, 10:21 / Ахмет Қанатұлы
Шыңғыс Әрінов. Фото: gov.kz

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов өңір басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Президент Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі қызметінен босатқан болатын.

Тэгтер:

алматы әкім Шыңғыс Әрінов