Мәскеуде 60 жастағы ғалым әйел үшінші рет ана атанды. Биология ғылымдарының кандидаты, РУДН қызметкері Марина К. ұл бала дүниеге әкелген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Life мәліметінше, әйелден қатерсіз ісік анықталғанына қарамастан, дәрігерлер жүктілікті сақтап қалуға мүмкіндік берген.
Оған Мәскеудегі «Коммунарка» көпсалалы клиникалық орталығының мамандары көмектескен. ЭКҰ бағдарламасы аясында қажетті тексерулер жүргізіліп, эмбрионды жатыр қуысына көшіруге рұқсат берілген.
Марина К. қартаю үдерістерін зерттеумен айналысады. Ол 2010 жылы-ақ жұмыртқа жасушаларын мұздатып, сақтауға шешім қабылдаған. Арада 15 жыл өткен соң әйел Щербинкадағы әйелдер денсаулығы орталығына жүгінген.
Жүктіліктің 38-аптасында оған кесарь тілігі жасалды. Операция кезінде дәрігерлер қатерсіз ісікті де алып тастаған.
2026 жылғы 30 шілдеде Марина К. ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл – оның үшінші баласы.