ШҚО-да 69 жастағы әже алғаш рет жеке куәлік алды

Бүгін, 14:41 / Ахмет Қанатұлы
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Polisia.kz мәліметінше, әйел ұзақ жыл бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Бұған дейін ол 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған, алайда кейін бұл құжатын жоғалтып алған.

Өмірлік жағдайларға байланысты Татьяна Ригер құжаттарын дер кезінде қайта рәсімдей алмаған. Жуырда ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінген.

Көші-қон қызметінің мамандары қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ құзырлы мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолданған.

Нәтижесінде тамыз айының соңында Татьяна Ригер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет қолына алды.

Енді ол мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді кедергісіз пайдаланып, азамат ретінде өз құқықтарын толық жүзеге асыра алады.

Әйел көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдірді.

Тэгтер:

ШҚО Татьяна Ригер