5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады

Бүгін, 09:20 / Ахмет Қанатұлы
Күн. Көрнекі фото: MYCHELE DANIAU/AFP via Getty Images

"Қазгидромет" 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы сақталады. Дегенмен шығыс өңірлерде түнгі салқын байқалып, оңтүстікте жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +27…+29°C болады.

Алматыда да күн ашық болады. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C күтіледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +29…+31°C-қа жетеді.

Ақтау мен Ақтөбеде күндіз +30…+32°C, Атырауда +29…+31°C болады. Қызылорда мен Түркістанда да ауа температурасы +30…+32°C шамасында сақталады.

Қостанайда күндіз +29…+31°C, Көкшетау мен Петропавлда +26…+28°C, Павлодарда +25…+27°C болжанып отыр.

Қарағандыда түнде ауа температурасы +5…+7°C-қа дейін төмендеп, күндіз +24…+26°C болады.

Шығыс Қазақстанда түн салқындайды. Өскеменде +2…+4°C, Семейде +3…+5°C күтіледі. Күндіз Өскеменде +20…+22°C, Семейде +22…+24°C болады.

Талдықорғанда түнде +2…+4°C, күндіз +24…+26°C болжанады.

Таразда күндіз +26…+28°C болады. Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ал Оралда елдің өзге қалаларынан айырмашылығы жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. Мұнда күндіз ауа температурасы +24…+26°C болады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы