Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратында кадрлық өзгеріс жасады

Бүгін, 10:52 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратында бірқатар кадрлық тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Нұржан Қажыақбаров Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол да бұрынғы қызметінен босатылған.

Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары қызметіне кірісті. Жарлыққа сәйкес, ол бұған дейінгі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Геннадий Зуев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев