Трамптың құпия миссиясы: Кушнер мен Уиткофф Путин мен Зеленскийге не ұсынбақ?

Бүгін, 14:26 / Ахмет Қанатұлы
Дональд Трамп. Фото: Win McNamee/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге арнайы өкілі Стив Уиткофф пен келіссөз жүргізуші Джаред Кушнерді Мәскеу мен Киевке не үшін жібергенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамптың сөзінше, олар соғысты тоқтатуға бағытталған ұсыныс алып бара жатыр.

"Біз оларды қандай да бір шешімге келуге бола ма, соны анықтау үшін жібердік. Мұны шешуге мүмкіндік бар", – деді АҚШ президенті.

Axios және The New York Times басылымдарының мәліметінше, Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер 5 қыркүйекте Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізеді.

Ал келесі күні америкалық келіссөз жүргізушілер Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

Тэгтер:

АҚШ Дональд Трамп