Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе жіберіп, күміс жүлде алды

Бүгін, 13:38 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Байбөрі Құдайберген

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар жарысы аяқталды. Қазақстан құрамасы финалда алаң иелеріне жол беріп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шешуші бәсекеде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары үшінші рет қатарынан кездесті. Бұған дейінгі екі финалда қазақстандық көкпаршылар жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Алайда бұл жолы Қырғызстан құрамасы есе қайтарды. Финалдық кездесу 7:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы чемпиондық атағын қорғап қала алмады.

Көкпардан қола жүлдені Ресей құрамасы иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ресейлік спортшылар Өзбекстанды 5:4 есебімен жеңді.

Бұған дейін Көшпенділер ойындарында көк бөрү жарысы да мәресіне жеткен болатын. Онда да Қырғызстан құрамасы чемпион атанып, финалда Қазақстанды жеңді.

Тэгтер:

көкпар