Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасада өткен үйлену тойы қайғылы оқиғамен аяқталды. Той өтіп жатқан ғимаратта өрт шығып, кемінде 22 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Actualite порталының мәліметінше, оқиға Лингвала коммунасындағы той залдарының бірінде болған. Қайғылы жағдай туралы коммуна бургомистрі Норбер Мушига Нзиндула мәлімдеді.
"2026 жылғы 5 қыркүйектегі алдын ала мәлімет бойынша, 22 адам қаза тапты. Көптеген зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.
Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығынының көп болуына ғимаратта тек бір шығатын есіктің болуы әсер еткен болуы мүмкін.
Бургомистрдің айтуынша, жалғыз есік тар болған. Өрт кезінде адамдар арасында дүрбелең туып, қою түтін жағдайды одан әрі қиындатқан.
Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.