"Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жарақатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Amanvibe мәліметінше, бельгиялық маман бұл туралы Англия Чемпионшипінің бесінші турында "Бристоль Ситиге" қарсы өткен матчтан кейін айтқан.
Хайеннің сөзінше, 18 жастағы қазақстандық футболшы алған жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды.
"Өкінішке қарай, ол бірнеше аптаға қатардан шықты. Бұл – назар аударуды қажет ететін белгілердің бірі. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықтан өтті. Бірақ дайындығы толыққанды болған жоқ. Біз ойыншыларға қажетті жүктемені беруге тырысамыз, сонымен қатар оларды шамадан тыс жүктемеден қорғауға күш саламыз. Мұнда дұрыс тепе-теңдікті табу қажет", – деді бас бапкер.
Бұған дейін Сатпаев "Бернли" сапында "Мидлсброға" қарсы өткен кездесуді негізгі құрамда бастап, матчтың үздік ойыншысы атанған. Ол ойынның 81-минутында алаңнан шыққан кезде жамбасының артқы тұсын ұстап тұрған. Енді қазақстандық шабуылшының толық қалпына келуіне бірнеше апта қажет болады.