Қар көшкінінен 11 альпинист көз жұмды

Бүгін, 13:46 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист қаза тапты. Тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Нақтылаған ақпарат бойынша, 10 адам таудан өздігінен түскен. Алты альпинист жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, 11 адам өмірмен қош айтысты», – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың мәліметінше, альпинистер тобының құрамында барлығы 33 адам болған.

Оқиға 6 қыркүйек кешке болған. Мижирги тауынан қар көшкіні түсіп, белгіленген маршрутпен өтіп бара жатқан альпинистер тобын басып қалған. Олар сол кезде Безенги шатқалында болған.

Тэгтер:

апат адам көшкін