Зеленский соғыстың қыс мезгіліне дейін созылуы мүмкін екенін айтты

Бүгін, 14:55 / Ахмет Қанатұлы
Владимир Зеленский. Фото: Sven Hoppe/picture alliance via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғыс қыс мезгіліне дейін жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Euronews мәліметінше, ол бұл туралы Киевте АҚШ делегациясымен өткен келіссөздерден кейін айтқан.

Зеленский америкалық серіктестермен ортақ келісімге қол жеткізуден үмітті екенін жеткізді. Сондай-ақ соғыс жалғасқан жағдайда Еуропаның қолдауына сенетінін атап өтті.

"Америкалық серіктестермен келісімге келеміз деп үміттенеміз. Соғыс қысқа созылса, Еуропаның қолдауына сенеміз", – деді Украина президенті.

АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевке алғаш рет барып, Украина басшылығымен келіссөз жүргізген. Кездесуден кейін тараптар келіссөздерді оң бағалағанымен, соғысты тоқтатуға қатысты нақты келісім немесе елеулі серпіліс туралы жарияланған жоқ.

Уиткоффтың айтуынша, бейбіт келісімге қол жеткізу үшін екі тарап та белгілі бір деңгейде ымыраға баруы қажет. Ол Киевтегі келіссөздерді мазмұнды әрі маңызды деп бағалап, АҚШ бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Зеленский Ұлыбритания, Германия және Франция өкілдерімен де келіссөздер жалғасып жатқанын хабарлады.

Тэгтер:

украина Владимир Зеленский