Астана – Қарағанды – Алматы трассасындағы жантүршігерлік жол апатын жасанды интеллект камерасы тіркеген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнежазбадан Астана қаласы бағытында келе жатқан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневрін жасау кезінде бір бағытта қозғалып бара жатқан «Газель» автокөлігімен соқтығысқанын көруге болады.
Соққы салдарынан «Газель» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, жол жиегінде аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.