Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 18:40 / Дана Зарылханқызы
Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваға елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент жеделхатында Қазақстанның Бразилиямен достық байланыстарды нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің бірлескен күш-жігері мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Тэгтер:

президент Тәуелсіздік Бразилия құттықтау