Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп Arasha.kz тілшісі Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 454,31 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,04 теңгеге төмен. Қазақстан Ұлттық банкі 7 қыркүйек күнгі доллардың ресми бағамын 456,56 теңге деп белгіледі.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана айырбастау орындарында долларды орта есеппен 452 теңгеден сатып алады, ал сату бағасы 459,25 теңге. Еуро 524 теңгеден қабылданып, 534 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублін 5 теңгеден сатып алып, 5,26 теңгеден сатуда.
Алматыда айырбастау орындары долларды орта есеппен 453,98 теңгеден сатып алып, 455,89 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 526,97 теңге, сату бағасы – 531,19 теңге. Ресей рублі 5,10 теңгеден қабылданып, 5,23 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды 454,37 теңгеден сатып алуға, 456,40 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 527,88 теңге, сату бағасы 532,58 теңге. Ресей рублі 5,16 теңгеден қабылданып, 5,23 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 4 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 456,56 теңге болған. Сол кезде америкалық валюта 0,53 теңгеге қымбаттаған еді.