Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде қозғалыс шектелді

Бүгін, 10:00 / Дана Зарылханқызы
Almaty.tv

Алматыда LRT жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп Arasha.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтурсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына толық шектеу қойылды.

Қалада бұдан бөлек бірнеше көшеде де уақытша қозғалыс шектелген.

31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігі жабық. Ал 5–9 қыркүйек аралығында Алтынсарин көшесінің Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.

Сондай-ақ, 5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықова көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабылады.

Қайрат шағынауданында да су бұру желілерін тартуға байланысты қозғалыс шектелген. 31 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Сұлу­тал және Байге көшелерінің қиылысынан Сыбызғы көшесіне дейінгі аралықта, ал 30 қыркүйектен 15 қазанға дейін Тараз және Байге көшелерінің қиылысынан Сұлутал және Байге көшелеріне дейінгі бөлікте жұмыстар жүргізіледі.

Тэгтер:

алматы көше құрылыс LRT Төле би