Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті

Бүгін, 10:43 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Екеуінің де денесінен оқ жарақатының белгілері анықталды. 

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру барысында 56 жастағы күдікті ер адам ұсталды. 

Полиция мәліметінше, ұсталған адам қылмыс жасағанын мойындаған. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тергеу жүріп жатыр.

Тэгтер:

қылмыс Саяжай қоғамдастық