Қазақстанның 13 өңіріндегі негізгі автожолдар бойында электр көліктерін қуаттауға арналған 62 станция жұмыс істеп тұр, деп Arasha.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қуаттау станцияларының ең көбі Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Әр өңірде 12 станциядан бар. Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 19 электр қуаттау станциясы жұмыс істейді.
2026 жылы осы халықаралық дәліздің бойына тағы жеті қуаттау станциясын орнату жоспарланған.
Бұдан бөлек, халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында электр көліктерін қуаттау мүмкіндігі қарастырылған 27 жаңа жол бойындағы сервистік нысан салынбақ.