"Кенесары ханның басын елге қайтарған адамға 20 млн теңге беремін" – партия мүшесі

Бүгін, 14:09 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

"Әділет" партиясының мүшесі Санжарбек Қосаев Кенесары Қасымұлының басын Қазақстанға қайтарған адамға 20 миллион теңге сыйақы беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялаған видеосында айтты.

"Кімде-кім Кенесары ханның басын елге әкелсе, туған жеріне қайтарса, мен өз қалтамнан 20 миллион теңгені сол адамға табыстаймын", – деді Санжарбек Қосаев.

Оның айтуынша, қаражат жеке қаражаты есебінен беріледі.

Ara Media Instagram парақшасының жазуынша, Санжарбек Қосаев "Әділет" партиясының қатарына 11 тамызда қабылданған. Оны партияға "Әділет" партиясы Шымкент қалалық филиалының басшысы Мұрат Жолдыхожаев қабылдаған.

Айта кетейік, 20 миллион теңге сыйақы беру туралы мәлімдеме – Санжарбек Қосаевтың жеке бастамасы.

Тэгтер:

Санжарбек Қосаев