Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ерлер бокс құрамасының тізімін жариялады, деп Arasha.kz тілшісі Ұлттық Олимпиадалық комитетіне (ҰОК) сілтеме жасап хабарлайды.
Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін құрлықтық додаға Қазақстан атынан алты боксшы қатысады.
Құрама сапына енген спортшылар:
55 келіге дейін – Махмұд Сабырхан;
60 келіге дейін – Оразбек Асылқұлов;
70 келіге дейін – Төрехан Сабырхан;
80 келіге дейін – Сабыржан Аққалықов;
90 келіге дейін – Нұрбек Оралбай;
90 келіден жоғары – Айбек Оралбай.
Бұған дейін Азия ойындарына қатысатын әйелдер құрамасы да анықталған еді. Оның сапында Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) бар.
2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталады.