Қазақстан Республикасының I шақырылымдағы Құрылтайының бірінші сессиясына қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тұрақты аккредиттеу басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналистерді аккредиттеу «Масс-медиа туралы» заңға, Мәдениет және ақпарат министрінің тиісті қағидаларына, сондай-ақ 2026 жылғы 7 қыркүйекте Құрылтай Бюросы бекіткен журналистерді аккредиттеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
БАҚ өкілдері аккредиттеуден өту үшін белгіленген үлгі бойынша бас редактордың немесе БАҚ иесінің қолы қойылған өтінішті 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін жіберуі қажет.
Өтініш pressa@quryltai.kz электронды поштасына қабылданады.