Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жеделхатта Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы достыққа және өзара түсіністікке негізделген байланыстардың тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілген.
Президент Гордана Силяновска-Давковаға мемлекеттік қызметінде табыс пен жаңа жетістіктер, ал Солтүстік Македония халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.