Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын қорғаған көкпаршы, ұлттық құраманың капитаны Құрманбек Тұрғанбекке туған ауылында ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Тоғызтарау ауылының тұрғындары спортшыны салтанатты түрде қарсы алып, ұлттық дәстүр бойынша иығына шапан жауып, ат мінгізді.
Қырғызстан құрамасына қарсы өткен көкпар финалында Құрманбек Тұрғанбек аттан құлап, жарақат алған. Аттың тұяғы басына тигеніне қарамастан, ол ойынды жалғастырып, кездесуді соңына дейін өткізген.
Ұлттық құрама капитанының бұл әрекеті жанкүйерлер арасында кеңінен талқыланып, көпшіліктің құрметіне ие болды.