АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы қақтығыс қараша айында өтетін Конгресс сайлауынан кейін аяқталады деп есептейтінін айтты. Сонымен қатар ол Тегеранмен келісімге келу ықтималдығын жоғары бағалады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Менің ойымша, соғыс сайлаудан кейін бірден аяқталады", – деді Трамп журналистерге.
АҚШ президентінің пікірінше, Иран Америка тарапынан жалғасып жатқан соққыларды өз мүддесіне пайдалануға тырысуы мүмкін. Трамп Тегеран бұл жағдай демократтардың сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етеді деп есептеуі ықтимал екенін айтты.
Алайда оның сөзінше, дауыс беру аяқталғаннан кейін Иран мұндай тәсілді жалғастырып, саяси жағдайға ықпал ете алмайды.
Трамп Иранмен ықтимал келісімге қатысты да пікір білдірді.
"Мен ядролық келісімнен де ауқымды нәрсе жасап жатырмын. Әлдеқайда ауқымды. Ядролық келісім болады – оған 99,9 пайыз сенімдімін. Бірақ күн тәртібінде бұдан бөлек те көптеген мәселе болады", – деді АҚШ президенті.
Осылайша, Трамп Иранмен ядролық келісімге қол жеткізу мүмкіндігін өте жоғары бағалап, келіссөздер тек ядролық мәселемен шектелмейтінін меңзеді.