Қырғызстанда магнитудасы 4,1 жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 16:00 / Дана Зарылханқызы
Canva

Қырғызстан аумағында 9 қыркүйек кешке магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Деректер орталығы ұсынған жедел мәліметке сәйкес, жер сілкінісі 9 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:03-те (Гринвич уақыты бойынша 17:03) тіркелген.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі солтүстік ендіктің 41,69 және шығыс бойлықтың 74,69 градусында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,1, энергетикалық класы 9,8 болды.

Бұған дейін Қазақстан аумағында да жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.

Тэгтер:

Қырғызстан жер сілкінісі магнитуда