Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен барған. Алайда отадан кейін жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қайғылы жағдайға қатысты қыздың анасы дәрігерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін деп отыр.
Қазір оқиғаның нақты мән-жайы, ота кезінде не болғаны және өлімге не себеп болғаны анықталуы тиіс. Анасы әділ тергеу жүргізіліп, қызының өліміне кінәлілер жауапқа тартылуын талап етуде.