Экс-депутат Базарбек жол апатынан зардап шеккен Нұржігіттің суретін жариялады

Бүгін, 14:46 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзімен бірге жол апатына түскен Нұржігіт Қошановтың дәрігерлермен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, суретте Тараз қаласындағы көпбейінді аурухананың дәрігерлері бейнеленген. Ақ халаттылардың білімі, кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің арқасында Нұржігіт аман қалып, есін жиып, қайтадан аяққа тұрған.

Суреттің ортасында жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт Қошанов отыр. Базарбек фотодағы медицина қызметкерлерінің әрқайсысын атап, олардың біліктілігін жоғары бағалады.

«Біраз төккен терім ақталды, өзімнің дұғам, халықтың дұғасы Жаратушым Алла тағала қабыл алды. Нұржігіттің аяғы сынғандықтан алдымызда әлі реабилитациясы күтіп тұр. Сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз…», - деп жазды экс-депутат. 

Тэгтер:

депутат көлік Бақытжан Базарбек