Лукашенко Беларусь армиясында ауқымды тексеру басталғанын мәлімдеді

Бүгін, 17:49 / Ахмет Қанатұлы
Александр Лукашенко. Фото: Contributor/Getty Images

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдің Қарулы күштерінде ауқымды тексерулер жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол армияның барлық бөлімін, қажет болған жағдайда мобилизацияға дейін қамтитын тексеру жүргізілетінін айтты.

"Армияны сілкінтетін уақыт келді. Бүкіл армияны. Барлығын тексереміз. Тіпті мобилизацияға дейін", – деді Лукашенко.

Беларусь басшысының сөзінше, қазіргі уақытта оның тапсырмасымен артиллериялық бригада тексеріліп жатыр. Бұған дейін танк және механикаландырылған жаяу әскер бөлімдерінде осындай тексерулер жүргізілген.

"Барлығын соғыс кезінде қалай болатын болса, солай жасап жатырмыз", – деді ол.

Лукашенко жыл басында Қарулы күштерде ауқымды тексеру өткенін де еске салды. Қазір Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері тексеріліп жатыр. Кейін бұл жұмыс өзге күштік құрылымдарда жалғасады.

Беларусь президенті мұндай шаралардың мақсаты соғысқа жол бермеу екенін айтты.

"Соғыс болмауы үшін соғысқа дайындалып жатырмыз", – деді Александр Лукашенко.

Тэгтер:

беларусь Александр Лукашенко