«Нұржігіттің жанынан табылды»: Бақытжан Базарбекке алғыс айтылды

Бүгін, 17:07 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Көлік қағып кеткен Нұржігіт есімді азаматтың жақындары Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекке алғыс білдірд, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олар қиын сәтте Бақытжан Базарбектің сырт айналмай, Нұржігітке қолдау көрсетіп, қасынан табылғанын атап өткен.

«Бақытжан ағамыздың қандай азамат екенін өз көзімізбен көрдік. Нұржігіт үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, күндіз-түні қасымыздан табылды. Қиын сәтте сырт айналмай, жауапкершілікті сезініп, адамгершіліктің биік үлгісін көрсетті», – делінген жазбада.

Нұржігіттің жақындары депутаттың азаматтық ұстанымына ризашылықтарын білдіріп, елде осындай жанашыр азаматтардың көп болғанын тілеген.

«Нұржігіттің жанынан табылып, соңына дейін қолдау көрсеткеніңіз үшін үлкен рақмет! Елімізде осындай азаматтар көп болсын!» – деп жазған олар.

Тэгтер:

апат науқас Бақытжан Базарбек