Әйел 15-қабаттан секіріп, арбадағы баланың үстіне құлады: екеуі де қаза тапты

Бүгін, 09:51 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Астанада қайғылы оқиға болып, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол төменде келе жатқан, ішінде екі жасар бала отырған балалар арбасына түскен.

Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмған. Әйелдің де өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Астана сәби әйел