«Қазақтар күні кеше пайда болған»: Қырғызстандық студенттердің өазақтар туралы пікірі желіде талқыға түсті

Бүгін, 14:30 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Астанада білім алып жүрген қырғызстандық студент қыздардың қазақтар мен Кенесары ханға қатысты айтқан пікірлері таралып, қоғамда қызу талқы мен наразылық тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеода студент қыздар мен олармен әңгімелесіп отырған ер адамның арасындағы диалог көрсетілген.

«Қазақтар күні кеше пайда болған. Ал қырғыздар өте ертеректе. Қазақтар бізді бауыр санайды, себебі тіл, діл, дәстүріміз ұқсас. Менің ойымша, олар бізден тараған, дамыған. Сондай-ақ қазақтар Кенесары ханның басы үшін бізге ренжулі. Біз – көшпенділерміз және біздің салтымызда жаудың басын қайтармайды», – дейді студенттер.

Бұл жағдайға байланысты желі қолданушылары ҚР Сыртқы істер министрлігі мен тиісті ведомстволардан құқықтық шаралар қабылдауды талап етті.

Жұртшылық ұлтаралық татулыққа сызат түсіретін немесе тарихи тұлғаларға қатысты орынсыз пікірлер айтуға жол берілмеуі тиіс екенін алға тартты.

Тэгтер:

қазақ қырғыз студент