16 қыркүйекте Қазақстанның кей өңірінде күн 32 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 09:30 / Ахмет Қанатұлы
Аспан. Көрнекі фото: pexels.com

16 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік пен батыста күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік және шығыс өңірлерде салқындау болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16, күндіз +27...+29 градус.

Шымкент пен Түркістанда күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін жетеді. Түнде екі қалада да +16...+18 градус болады.

Қызылордада түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус, Ақтауда түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус күтіледі.

Атырауда ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.

Таразда түнде +11...+13, күндіз +28...+30 градус болса, Талдықорғанда түнде +6...+8, күндіз +28...+30 градус болады.

Ақтөбеде күндіз +29...+31 градусқа дейін жылынады. Түнгі температура +11...+13 градус шамасында болады.

Оралда түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус күтіледі.

Елдің солтүстігінде ауа райы салқындау болады. Петропавлда түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус, Қостанайда +6...+8 және +22...+24 градус, ал Көкшетауда +6...+8 және +20...+22 градус болады.

Павлодарда түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус, Қарағандыда түнде +8...+10, күндіз +20...+22 градус болжанып отыр.

Өскеменде түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус болады. Мұнда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Жезқазғанда ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус болса, Қонаевта түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус болады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы