Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар қыз бала қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол бойында келе жатқан жеңіл көлік бүлдіршінді қағып кеткен. Қыз алған ауыр жарақаттарынан көз жұмған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті. Мамандар жүргізушінің жол қозғалысы талаптарын, оның ішінде белгіленген жылдамдық режимін сақтаған-сақтамағанын тексеріп жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.