Қазақстан Республикасы Экология жәнетабиғи ресурстар министрлігініңқолдауымен «Жасыл даму» АҚ Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттікорман табиғи резерватына заманауиарнайы техника сатып алуға кәдеге жаратутөлемдері есебінен 2,9 млрд теңгеден астамқаржы бағыттады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Резерваттың материалдық-техникалықбазасын жаңарту өрт қаупі жоғары маусымғадайындықты күшейтуге, өртке ден қою уақытынқысқартуға және орман қорын қорғау тиімділігінарттыруға бағытталған.
Жоба аясында резерватқа 34 өрт сөндіруавтоцистернасы, 7 трактор және 34 жолталғамайтын автокөлік берілді. Жалпыалғанда, өрт ошақтарына жедел ден қоюғажәне өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізугеқажетті 75 бірлік арнайы техника сатыпалынды.
Еске сала кетейік, 2024 жылдан бері«Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұлттық табиғипарктерге, орман табиғи резерваттарына, қорықтар мен орман шаруашылығымекемелеріне заманауи арнайы техника сатыпалуға кәдеге жарату төлемдері есебінен 33,1 млрд теңгеден астамқаржы бағыттады.
Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшінорман және дала өрттерінің алдын алуға жәнеоларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлікарнайы техника сатып алынды. Олардыңқатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жолталғамайтын автокөліктер, тракторлар жәнеорман қоры мен ерекше қорғалатын табиғиаумақтарды қорғауға қажетті өзге де техника бар.
Мұндай жобаларды іске асыру табиғатқорғау мекемелерінің материалдық-техникалықбазасын нығайтуға, өрт қаупі жоғары маусымғадайындығын арттыруға және Қазақстанныңорман экожүйелерін сақтауға ықпал етеді.