Гүлзира Айдарбекова Өктем Алтаевтың қызын ұзатып, арнайы ән арнады

Бүгін, 14:12 / Альфия Адамбек
Коллаж: видеодан кадр

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 25 жылдан бері араласатын жақын досы, өнер иесі Өктем Алтаевтың қызы Аружанды ұзатып, оған арнайы жаңа ән арнады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Продюсердің айтуынша, бірнеше жыл бұрын Алтаевтар әулетінің үлкен қызын да ұзатуға атсалысқан. Ал бірнеше ай бұрын Өктем Алтаев екінші қызының ұзату тойын да Гүлзира Айдарбековаға сеніп тапсырғысы келетінін айтқан.

«2-3 ай бұрын: “Екінші қызымды ұзатып бер. Сенің еңбекқорлығың, адалдығың жұғысты болсын. Тіпті үшінші қызым да “мені сол кісі ұзатады” деп отыр. Оны да ұмытпа, уақыты келгенде”, – деді», – деп жазды продюсер.

Осы ниетті ырымға балаған Гүлзира Айдарбекова Аружанның ұзату тойына арнайы жаңа ән дайындаған. Ол туындының мәтініне ерекше мән бергенін атап өтті.

«Кеше Аружан қызымызға арнайы су жаңа әнімді арнап ұзаттым. Сөздеріне барынша мән бердім. Себебі Аружанның тек Қазақ еліне емес, әлемге танымал болатынына толық сенімім бар. Ол жағын алдағы уақыттың еншісіне тапсырдым», – деді ол.

Продюсер жас келінге ақ тілегін білдіріп, оның елге танымал азамат болып, бақытты отбасылық өмір сүруіне тілектестік білдірді.

Тэгтер:

қыз ән отбасы Өктем Алтаев