Польшада жылқы етін сататын мейрамханаға қатысты дау шықты

Бүгін, 14:58 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Польшаның Катовице қаласында мәзіріне жылқы етінен дайындалған тағамдарды енгізген Tatarland мейрамханасына байланысты дау туындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бірнеше аптадан бері белсенділер тамақтану орнының алдында наразылық акциясын өткізіп, жылқы етінің сатылуына қарсылық білдіріп келеді.

Белсенділер жылқыларды қорғауды талап етіп, бұл жануарларды ит пен мысық сияқты үй жануарлары санатына жатқызу қажет деп есептейді. Олардың пікірінше, жылқы етін тағам ретінде ұсынуға жол берілмеуі керек.

Алайда мейрамхана басшылығы наразылыққа қарамастан, жылқы етін мәзірден алып тастаудан бас тартқан. Мейрамхана иесінің айтуынша, Польша заңнамасында жылқы етін сатуға тыйым салынбаған. Оның үстіне жылқы етінен әзірленетін тағамдар келушілер арасында сұранысқа ие.

Ал наразылық білдірушілер жылқының құқықтық мәртебесін өзгертіп, оны үй жануарларымен теңестіруді талап етіп отыр.

Тэгтер:

ет Ит жылқы үй жануары