Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушылары сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді

Бүгін, 07:54 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек. Бұл туралы адвокаты Тілеужан Кішкенебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот үкіміне сәйкес, Нұрсұлтан Жақсыген Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.

Қорғау тарапы Жақсыгеннің заңсыз сотталғанын айтып, қылмыстық іс жан-жақты әрі объективті зерттелмеген деп санайды.

«Жақсыгеннің кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтауға мүмкіндік беретін тиісті сараптама тағайындалмаған», – делінген қорғау тарапының мәлімдемесінде.

Адвокаттар осыған байланысты алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіріп, сот үкімін қайта қарауды сұрайтынын айтты.

Іс бойынша түпкілікті шешімді апелляциялық сот қабылдайды.

Тэгтер:

қылмыс сот Жақсыген